Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жалақы аз: қазақстандықтардың шетелге көшу себебі анықталды

Жалақы аз: қазақстандықтардың шетелге көшу себебі анықталды

Фото: istockphoto.com
Қазақстан азаматтарының көші-қонға қатысты ойын және білікті мамандардың елден кету себептерін зерттеген DEMOSCOPE бюросы ауқымды сауалнаманың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сауалнама нәтижесі бойынша әр бесінші респондент (21%) елден көшу туралы ойланатынын айтқан. Олардың ішінде 6,9%-і алдағы 2-3 жылда көшуге ниетті. 5,6%-і көшуді жоспарлап отырғанымен, әзірге мүмкіндігі жоқ, ал 8,4%-і белгілі бір жағдай болса, көшу мүмкіндігін қарастырып отыр. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысушылардың 78,5%-і жақын арада елден кетуді жоспарламайтынын айтты.

Анализ көрсеткендей, көшуге деген ниет көбінесе респонденттердің жасына байланысты. Көшіп кетуге ең көп ниет білдірген респонденттер – жастар мен орта жастағы адамдар арасында байқалған.

Елден кетуді жоспарлаған респонденттерден оларды көшіп кетуге итермелейтін нақты себептер туралы сұрақ қойылған. Көпшілігі жоғары жалақы алуға (24,5%), өздері мен балалары үшін перспективаның жоқтығын (23,9%), сондай-ақ жақсы жұмыс табу ниетін (14%) атады. Бір қызығы, жастардың көбі сапалы білім алуға және өзін-өзі дамытуға жағдай жасауға ұмтылады, ал орта және үлкен жастағы топтар өздері мен балалары үшін мүмкіндіктің жоқтығын жиі айтады.

Ресми деректерге сәйкес соңғы екі жылда Қазақстанда – елге келген адам саны кеткендерге қарағанда көп. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында Қазақстанға 20 мыңнан астам адам көшіп келген, ал елден кеткендердің саны екі есе аз – 10,2 мың адам.
05 желтоқсан 2024 ж. 117 0

Жастар есірткіге қарсы

22 қаңтар 2025 ж. 100

Қараңғы жолдан аулақ бол

22 қаңтар 2025 ж. 104

Ерлікке тағзым

21 қаңтар 2025 ж. 74

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031