Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақиқат пен аңызды ажырата білген жөн

Ақиқат пен аңызды ажырата білген жөн

Мұсылман атауы мен қазақ ұғымы – бұл қазақ халқының рухани құндылықтарын, Ислам дінінің жергілікті ұлтымызға әсерін және ұлттық болмыстың дінмен өзара байланысын айғақтайтын, бірін бірінен бөліп-жару мүмкін емес киелі де қастерлі ұғымдар. Егер тарих беттерін парақтай бастайтын болсақ, елімізге Ислам дінінің келу кезеңі алдыменVII-VIII ғасырлардағы түркілердің жаппай Исламды қабылдай бастауымен, IX-X ғасырлардағыҚараханидтер әулетімен байланыстырылады.
Одан кейінгі Алтын Орданың да қазақ жерінде Исламның кеңінен таралуына өзіндік әсері болғандығы айтылады.Бұдан бөлек, Исламның орнығуына отырықшылықтың, қалалардың да үлесі ерекше болған. Бұл жайында кезіндегібелгілі ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлі: «Ислам орта ғасырларда қазақ даласында бұрын болған қалалар мен қорғандар, қамалдар мен кенттердің іргетасын нығайтып қана қоймай, шаһарлардың ірге тебуіне ықпал етті. Исламды уағыздайтын мешіттер мен медреселер, ғылым-білім ошақтары бой көтерді» дейді.
«Елу жылда – ел жаңа, жүз жылда – қазан» дейді атамыз қазақ. Одан бері ұлтымыздың Ислам дініне көзқарасы ғасырлар бойы әбден қалыптасып, Патшалық Ресей, кешегі кеңестік қоғамда да асыл дінімізге деген сенімі әлсіресе де, айныған жоқ. Ал Тәуелсіздік таңы дініміз бен діліміздің еркіндігін Ата заңмен бекітіп берді. Содан бергі 35 жылдың ішінде, ал нақты айтатын болсақ, осы 2026 жылдың қаңтар айындағы дерек бойынша елімізде 2945 мешіт имандылықты уағыздауда өз қызметтерін атқарып келеді екен.
Бұл әрине, құптауға тұрарлық, қуанарлық жайт. Дегенмен, осы мешіттердің тарихына келгенде, соның ішінде бүгінгісі бар, ғасырлар қойнауынан сыр шертетіні бар, баспасөз беттеріндегі, ел аузындағы, мұрағаттағы деректері бар – қаншалықты ақылға қонымды екендігі туралы қарама-қайшылықтар да кездесіп қалып жатады.
Сөзіміз дәлелді болуы үшін, жақында ғана баспадан шығып, имандылықты ардақ тұтқан ағайынға жол тартқан, бір жарым ғасырлық тарихы бар, тар заман мен зар заманның тар жол тайғақ кешуін басынан өткеріп, бүгінгі күні жамағатты имандылық нәрімен сусындатып жатқан Қызылорда қаласындағы «Айтбай мешіті» туралы НұрсұлтанМықтыбай мен АсхатАсқарұлының «Айтбай мешіті: аңыз бен ақиқат» атты тарихи деректі кітабы туралы аз-кем пікір білділдірсек те жеткілікті.
Іргетасы қаланғанына 150 жыл болған «Айтбай» мешітінің орны қаладағы басқа мешіттерге қарағанда өзгеше. Себебі, ол – Қызылорда қаласындағы ең ескі құлшылық үйі ғана емес, сонымен қатар, сәулет өнерінің де көне ескерткіші болып табылады. Ұзақ жылдар бойы Қызылорда облысының орталық мешіті болған мұндай тарихи мешіттің маңызы өте зор.
Әйтсе де, «Айтбай» мешіті өзінің 150 жылдық тарихында басынан талай ақтаңдақты өткеріпті. Діни ғимарат талан-таражға түсіп, дүние-мүлкі ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен. Еліміз егемендігін алып, етек-жеңін жинаған тұста да, имандылық үйінің айналасынан дау арылмаған. Дерексіз, негізсіз әңгімелерге, әркім сан-саққа жүгірткен тартыстар мен аңыздарға арқау болған. Бастауын қаланың сонау Перовск кезінен алатын мешіттің тарихын түгендеп, ел ішінде айтылып жүрген алып-қашпа әңгімелерге дәйекті, деректі жауабын қайтаруды мақсат тұтқан Нұрсұлтан Мықтыбай мен Асхат Асқарұлының бұл туындысы, шын мәнінде, бір дәуірдің жүгін арқалаған құнды еңбек. Кітап авторлары мешітке байланысты орын алып жүрген олқылықтың орнын толтыру үшін тек еліміздегі емес, Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Орынбор қалаларындағы мұрағаттарда, көршілес Ташкент қаласындағы Өзбекстан Республикасының ұлттық архивіндежүйелі түрде жұмыс жасағандығын кітапты парақтау барысында көз жеткіздік. Әрі авторлардың аңыздың арасынан ақиқатты аршып алу жолындағы табандылығын ерекше атап айтқан жөн болар еді.
Сондай-ақ тарихи деректі еңбек авторлары«Айтбай» мешітін салған атақты көпес, өз заманында халық жанашыры болған Айтбай Балтабаев туралы да терең зерттеу жүргізіп, осы уақытқа дейін беймәлім болып келген оның өмір жолына байланысты тың деректерді тауып, қалың оқырманға түсінікті тілде ұсына білген. Бұл – мақсаткерлікпен төккен тердің жемісі екендігі сөзсіз.
Қорыта айтқанда, «Айтбай» мешітінің тереңнен тін тартқан тарихы туралы бұл еңбек оқырманның, имандылыққа бет бұрған көпшіліктің көңілінен шығып, көкейдегі көп сауалына жауап бергені шындық.

БеганышЖАҚСЫБАЙ,
Әлімжан ҚИЯС,
Қазақстан Журналистер Одағының мүшелері
13 қаңтар 2026 ж. 148 0

Қар суынан тазартылуда

13 қаңтар 2026 ж. 134

Үш облыста жол жабылды

12 қаңтар 2026 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031