Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда теміржолшыларға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

Қазақстанда теміржолшыларға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылады

Жоба кадр тапшылығын азайтуға бағытталған

Фото pixabay.com
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Отбасы банкімен бірлесіп, Қазақстанның бес қаласында – Қарағанды, Павлодар, Семей, Қостанай және Астанада теміржол саласының қызметкерлеріне арналған қолжетімді баспана бағдарламасын бастайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл тұрғын үйлер кадр тапшылығы қатты сезілетін әрі мамандардың жиі ауысуы байқалатын өңірлерде салынады.
Жеңілдетілген шарттармен тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Басымдық өндірістік персоналға – теміржол желісінде жұмыс істеп, оның үздіксіз әрі қауіпсіз қызметін қамтамасыз ететін қызметкерлерге беріледі, – деп хабарлады ҚТЖ.
Бұған дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов осы бағдарлама аясында салынып жатқан тұрғын үйлердің бірінің құрылыс барысымен танысты.
Ол бұл бастама тек тұрғын үй жағдайын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар жергілікті кадрларды қолдауға бағытталғанын атап өтті. Компанияда қолжетімді баспана мамандарды салада ұстап қалуға және олардың кәсіби дамуына қосымша ынталандыру болады деп үміттенеді.
Бағдарламаның алғашқы кезеңін іске қосу биылға жоспарланған.


19 сәуір 2026 ж. 278 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930