Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚМДБ: Жалған ботпен оқырман жинау – харам

ҚМДБ: Жалған ботпен оқырман жинау – харам

Фото: Pixabay.com
Муфтият әлеуметтік желіде бот арқылы оқырман жинауға дін тұрғысынан тыйым салды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әлеуметтік желіде жалған боттар арқылы фолловер көбейтуге болмайтынын мәлімдеді.
Муфтияттың түсіндіруінше, қазір көп адам мен компания өз парақшасын танымал ету үшін түрлі қызметтерге жүгінеді. Оның ішінде жазылушы, лайк, пікір санын жасанды түрде арттыратын ұсыныстар да бар. Ол үшін арнайы агенттіктерге ақша төленіп, келісімшарт жасалады.

ҚМДБ бұл мәселені екі түрлі жағдайға бөліп қарастырды.
Егер фолловер саны шынайы адамдар есебінен көбейсе, яғни парақша заңды жолмен жарнамаланып, шынайы қолданушылар жазылса – бұл адал қызмет саналады.
«Мұндай жағдайда ақы төлеу – жұмысқа жалдау келісіміне ұқсайды. Ал шариғатта белгілі бір қызметке адам жалдауға рұқсат етілген», – деп түсіндірді муфтият.
Ал фолловер саны бот, яғни жалған аккаунттар арқылы жасалса – бұл алдамшылық болып есептеледі.
«Тапсырыс беруші жалған екенін біле тұра бот арқылы жазылушы көбейтсе, күнәсі ауырлайды. Бұл – шындықты бұрмалау, халықты алдау», – делінген пәтуада.
ҚМДБ мұндай әрекетпен айналысатын адамды шариғатта “музәууир” – өтірік жасаушы, жалғандыққа баратын адам деп бағалайтынын атап өтті. Сонымен қатар, бот үшін төленген ақша да адал табысқа жатпайды.
Қорытындылай келе, муфтияттың шешімі бойынша парақшаны шынайы адамдар арқылы дамытуға рұқсат. Бірақ, жалған аккаунтпен фолловер көбейтуге және оған ақша төлеуге қатаң тыйым салынады.
12 қаңтар 2026 ж. 118 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 169

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 75

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031