2025 жылы мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 595 мыңнан астам қызмет алды
Фото: pixabay.com
2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы мүгедектігі бар адамдардың 595,6 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: шамамен 440 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 9,8 мың – ымдау тілі қызметін, 26,5 мың – жеке көмекшінің, 119,3 мың – шипажайлық-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлайды kazlenta.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
2025 жылдың басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы мүгедектігі бар адамдардың 595,6 мың тапсырысы орындалды, оның ішінде: шамамен 440 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, 9,8 мың – ымдау тілі қызметін, 26,5 мың – жеке көмекшінің, 119,3 мың – шипажайлық-курорттық емдеу қызметін алды, деп хабарлайды kazlenta.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.Портал мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін өндірушіні және жеткізушіні өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тапсырыс беру көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау арқылы жүзеге асырылады. Тапсырыс берілген оңалтудың техникалық құралдарын жеткізу немесе өз бетінше әкету арқылы алуға болады.
Мүгедектігі бар адамдарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету протездік-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.
Сингапур мен Куала-Лумпурда Алматының көрікті жерлері жарнамаланды
Айзат Жұманованың өлімі: күйеуі 14 жылға сотталды
Бүгінде Порталда 595 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуші, 1084 ОТҚ жеткізушісі, 32 мыңнан астам жеке көмекші, 766 ымдау тілі және 124 шипажайлық-курорттық емдеу қызметтерін ұсынушы тіркелген.
Порталды пайдалану бойынша консультацияларды қолдау байланыс орталығынан, яғни 1414 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады.













