Дәрігер-сомнолог тез ұйықтап кетуге көмектесетін кеңес айтты
Фото: depositphotos.comДәрігер-сомнолог Роман Бузунов тез ұйықтап кетуге көмектесетін кеңестерін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz aif.ru-ға берген сұхбатында бөлісті.
Маман, ең алдымен, "уақыт болып қалғаннан" емес, ұйқы келгенде жатуға кеңес берді. Сондай-ақ, жақсы ұйықтау үшін күндіз шаршау қажет екенін еске салды. Бұған спортпен айналысу және серуендеу көмектеседі.
Бұдан бөлек, сомнолог таңертең төсекте тым ұзақ жатып қалмауды және күндіз ұйықтамауды ұсынады - әйтпесе кешке ұйықтап кету қиындауы мүмкін. Сонымен қатар, сағат 14:00-ден кейін құрамында кофеин бар сусындарды ішпеу керек.
Ұйқыға бір сағат қалғанда электрон құрылғыларды қолданбаған жөн, өйткені гаджет экрандарының жарығы мелатониннің бөлінуіне кедергі келтіреді. Оның орнына көркем әдебиет оқуға болады.
"Ұйқыға дайындалуға ыстық душ қабылдау және жатын бөлмені желдету де көмектеседі", - деп қосты Бузунов.














