Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқу жылының мерзімі бекітілді: 2025–2026 оқу жылы 2 қыркүйекте басталады

Оқу жылының мерзімі бекітілді: 2025–2026 оқу жылы 2 қыркүйекте басталады

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2025–2026 оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімін, сондай-ақ оқу тоқсандары мен каникул кезеңдерін бекітті, деп хабарлайды alataunews.kz.
Фото: depositphotos.com
Министрліктің мәліметінше, жаңа оқу жылы 2025 жылғы 2 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 25 мамырда аяқталады. Білім күніне арналған салтанатты жиынның нақты уақыты мен күні мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен белгіленетін болады.
Тоқсан және каникул кестесі:
І тоқсан – 8 оқу аптасы
Күзгі каникул: 2025 жылғы 27 қазаннан 2 қарашаға дейін (7 күн)
ІІ тоқсан – 8 оқу аптасы
Қысқы каникул: 2025 жылғы 29 желтоқсаннан 2026 жылғы 7 қаңтарға дейін (10 күн)
1-сынып оқушылары үшін қосымша демалыс:
2026 жылғы 9–15 ақпан аралығы (7 күн)
ІІІ тоқсан – 10 оқу аптасы
Көктемгі каникул: 2026 жылғы 19–29 наурыз аралығы (11 күн)
IV тоқсан – 8 оқу аптасы
Оқу жылының аяқталу мерзімі: 2026 жылғы 25 мамыр
Оқу-ағарту министрлігі білім беру процесінің тиімділігін арттыру мақсатында оқу және демалыс кезеңдерін оқушылардың жас ерекшеліктеріне және психологиялық қажеттіліктеріне сай үйлестіруді көздеп отыр. Каникул уақыты оқушылардың тынығуына, шығармашылық дамуына және денсаулығын нығайтуға бағытталған.
28 шілде 2025 ж. 135 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031