7 қаңтарда республика бойынша қай жолдар жабық
Фото pixabay.com
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ел аумағындағы автомобиль жолдарындағы ахуал туралы мәлімет берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ел аумағындағы автомобиль жолдарындағы ахуал туралы мәлімет берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.Ұлттық компанияның дерегінше, 2025 жылғы 7 қаңтар күні сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1194–1212 шақырымы (Шемонаиха қаласы – РФ шекарасы) барлық көлік түрлері үшін ашық.
Сондай-ақ ауа райының жақсаруына байланысты 2026 жылғы 6 қаңтарда сағат 23:00-ден бастап республикалық маңызы бар автожолдардың келесі учаскелерінде жылдамдық режимі 90 км/сағ-тан 110 км/сағ-қа дейін арттырылды:
Ақмола облысы
KAZ 01 "Астана – Қарағанды – Алматы", 30–92 шақырым (Жібек жолы ауылы – Анар станциясы).
Қарағанды облысы
KAZ 01 «Астана – Қарағанды – Алматы», 92–164 шақырым (Анар станциясы – Теміртау қаласы).
Жабық жолдар
Шығыс Қазақстан облысында Осинов асуындағы күрделі таулы жағдайға байланысты «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46–66 шақырымында (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілген. Бұл шектеу қысқы кезең аяқталғанға дейін сақталады.
Сонымен қатар Павлодар облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы көлік айырымының аралық құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» айырымы учаскесі — Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығу жолы жабылды.











