Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Боран, көктайғақ": Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Боран, көктайғақ": Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Астанада аздап қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, жолдар көктайғақ болады.
Photo:
www.istockphoto.com
Бүгін еліміздің 14 облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Павлодар облысының оңтүстігі мен шығысында қар жауып, бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде де осындай ауа райы күтілуде.

Ал Түркістан облысының батысы мен оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман басады. Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман басып, көктайғақ болады. Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және орталығында да тұман басады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында аздап қар жауып, қатты жел тұрады. Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, ал облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, бұрқасын жүреді.

Түнде Ұлытау облысының шығысында аздап қар жауады, ал облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп болжанады. Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар жауады. Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде және орталығында да тұман түсетіні болжанады.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында аздап қар жауады, бұрқасын жүреді, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Астанада аздап қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, жолдарда көктайғақ болады.
07 қаңтар 2026 ж. 156 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031