"Боран соғып, тұман болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Сурет: unsplashҚазақстанның 16 облысында 29 желтоқсанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз батысында, солтүстігінде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 29 желтоқсанда түнде қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, тұман, көктайғақ болады деп болжанады.
Түнде және таңертең Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Алматыда 29 желтоқсанда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі. Қонаев қаласында 29 желтоқсанда түнде және таңертең тұман болып, күндіз шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, ал облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, ал облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жезқазғанда 29 желтоқсанда күннің соңына қарай қар жауып, бұрқасын жүреді, көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.
Түнде Қарағанды облысының оңтүстігінде аздап қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түсу ықтималдылығы жоғары.
Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің облыстың тау асуларындағы екпіні 15-20 м/с құрайды.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында және орталығында да тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, ал облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанайда 29 желтоқсанда қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі.
Түнде Ақтөбе облысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қалың қар түсіп, бұрқасын жүреді, көктайғақ болады, ал облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды. Ақтөбеде 29 желтоқсанда көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Жетісу облысының батысында, шығысында, орталығында, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды. Талдықорғанда 29 желтоқсанда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда 29 желтоқсанда күндіз қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Абай облысының оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз Жарма ауданындағы екпіні 23 м/с дейін жетеді.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Таразда 29 желтоқсанда кей уақыттарда тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
29 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.
Бұған дейін синоптиктер, бүгін, 28 желтоқсанда еліміздің жеті қаласында ауа сапасының нашарлауына байланысты ескерту жариялаған болатын.














