Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Салық саласындағы өзгерістер: Әр азамат нені білуі керек?

Салық саласындағы өзгерістер: Әр азамат нені білуі керек?

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген Жаңа Салық кодексі – ел экономикасын заман талабына сай жаңғыртуға бағытталған маңызды құжат. Ондағы өзгерістер салықты арттыруды емес, ең алдымен тәртіпке келтіруді, әділдікті қамтамасыз етуді және ашықтықты күшейтуді көздейді.

Жаңа талаптар кәсіпкерлер үшін есептілікті жеңілдетіп, цифрлық қызметтерді кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Ал қарапайым азаматтар үшін салық төлеу тәртібі түсінікті әрі қолжетімді бола түседі. Мобильді аударымдар мен электронды төлемдерге қатысты өзгерістер жүйелі түрде табыс табатын қызметті заңдастыруға бағытталған.

Мемлекет үшін бұл – бюджеттің тұрақты толығуы, ал қоғам үшін – білім, медицина, әлеуметтік қолдау салаларының дамуына қосылған үлес.
Жаңа Салық кодексі – әр азаматтың жауапкершілігін арттырып, адал еңбек пен ашық табысты қолдайтын жүйе.

Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында жаңа Салық Кодексі және салық заңнамасындағы өзгерістер, есептілік тапсыру, онлайн сервис түрлері және өзге де өзекті сұрақтар бойынша мамандар кеңес береді.

Мекен-жайымыз: Әйтеке би кенті, Қ.Пірімов көшесі, №3.

Байланыс нөмірі: 8(724)38-22-4-82,
8(724)38-22-1-47.

Б.КЕРІМБАЙ,
Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы
06 қаңтар 2026 ж. 188 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930