Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады

Фото: pixabay.com
06–08 қаңтар аралығында Қазақстан аумағына солтүстік-батыс бағыттан циклондар ығыса отырып, жауын-шашынның кезекті толқынын алып келеді. Республикасының батысында жауын-шашын жаңбыр және қар түрінде болжанады, көктайғақ құбылыстары күтіледі, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында қар жауып, бұрқасын соғады. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы басым болады.
Республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі күтіледі.
Ауа температурасының жоғарылауы батыс өңірлерде байқалады: түнде 5–16° аяздан 0–8° аязға дейін, күндіз 10° аяз – 3° жылыдан 3° аяз – 8° жылыға дейін көтеріледі.
Солтүстікте, шығыста және орталықта ауа температурасының төмендеуі күтіледі: түнде 3–16° аяздан 10–25° аязға дейін, күндіз 1–11° аяздан 5–15° аязға дейін.
Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді: түнде 1–16° аяз, күндіз 0–10° жылы, таулы аймақтарда түнде 0–10° аяз сақталады.
05 қаңтар 2026 ж. 313 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031