Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2 қаңтарда Қазақстанда қар жауып, боран соғады

2 қаңтарда Қазақстанда қар жауып, боран соғады

Солтүстік-батыс аймақтарда күндіз қалың қар жаууы мүмкін.
Фото:depositphotos.comФото:depositphotos.com

«Қазгидромет» синоптиктері 2026 жылғы 2 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың айтуынша, ел аумағының басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым өңірінде қар, жаяу бұрқасын және боран сақталады.
Солтүстік-батыс аймақтарда күндіз қалың қар жаууы мүмкін.
Оңтүстік-батыс пен оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын жаңбыр мен қар түріне жауады. Ал елдің орталық және оңтүстік бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.
«Қазгидромет» республика бойынша бірқатар қолайсыз құбылыстарды да атап өтті. Атап айтқанда тұман түсуі мүмкін; көктайғақ болады; желдің күшеюі ықтимал.
Мамандар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жолда абай болуға, алыс сапарларды жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.

02 қаңтар 2026 ж. 263 0

Азаттықтың ақтаңгері

14 сәуір 2026 ж. 149

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930