Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қар жауып, боран соғады": Қазгидромет 22 желтоқсанда ауа райына байланысты ескерту жасады

"Қар жауып, боран соғады": Қазгидромет 22 желтоқсанда ауа райына байланысты ескерту жасады

Астанада 22 желтоқсанда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болмақ.
"Қар жауып, боран соғады": Қазгидромет 22 желтоқсанда ауа райына байланысты ескерту жасады
www.istockphoto.com
Қазгидромет 22 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады. Бұл туралы Аikyn.kz сайты хабарлайды. 
Синоптиктер дүйсенбіде елдің басым бөлігінде күн райы бұзылады деп болжап отыр. Соның ішінде Алматы және Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында көктайғақ, тұман болады. Қонаев пен Алматы қалаларында да түнде көктайғақ болып, тұман түседі.
Солтүстік Қазақстанда қыс қаһарына мінеді. Петропавлда және облыстың солтүстігі мен шығысында қар жауып, боран соғады. Желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Көкшетауда және Ақмола облысының басым бөлігінде қар жауып, боран болады. Желдің екпіні 25 м/с дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан және Абай облысында, Семей мен Өскеменде жаяу боран соғып, тұман түседі. Өңірлерде қар жаууы ықтимал, желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді. Батыс Қазақстанда және Оралда қар аралас жаңбыр жауып, жаяу боран мен көктайғақ болады. Тұман түсуі де мүмкін.
Оңтүстік өңірлерде, Қызылорда, Тараз және Жамбыл облыстарында тұман мен көктайғақ болады. Таулы аймақтарда боран соғады. Орталық және басқа аймақтарда, Қарағанды, Ұлытау, Павлодар, Қостанай және Маңғыстау облыстарында тұман мен көктайғақ болады. Ақтауда күндіз көктайғақ болып, жел күшейеді. Жетісу облысында таулы аймақтарда қар жауып, Алакөл маңында қатты жел соғады.  Астанада 22 желтоқсанда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында көктайғақ, тұман болады деп болжанады. Шымкентте 22 желтоқсанда түнде және таңертең көктайғақ, тұман болады. Түркістанда 22 желтоқсанда тұман түсу ықтималдылығы жоғары.
22 желтоқсан 2025 ж. 182 0

Бүгінге валюта бағамы қандай

22 желтоқсан 2025 ж. 152

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031