Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайлық ғалымдар жеуге ыңғайлы болу үшін сүйексіз балық ойлап тапты

Қытайлық ғалымдар жеуге ыңғайлы болу үшін сүйексіз балық ойлап тапты

Фото: pixabay.com
Қытайлық ғалымдар ет арасындағы жіңішке сүйектері мүлде жоқ жаңа тұқы (карп) балығының тұқымын ойлап шығарды. Ғалымдар бұл балық түрін тағамда ыңғайлы болуы үшін ойлап тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Тұқы балығынан жасалатын тағам Қытайда мен басқа да бірқатар елде танымал. Алайда ұсақ сүйектердің көп болуы оны жеуді жиі қиындатады. South China Morning Post дерегінше, дәл осы ерекшелік кей тұтынушылар үшін балықты тартымсыз етеді.
"Мамандар жіңішке сүйектердің өсуіне жауап беретін генді басу үшін гендік инженерия әдістерін қолданды. Соның нәтижесінде балықтағы бұлшықетаралық сүйектер жойылды. Ал қаңқаның өмірлік маңызы бар бөліктері сақталды", — деді ғалым Гуй Цзяньфан.
Репортажда модификацияланған тұқыда омыртқа мен қабырғалардың бар екені нақтыланады. Зерттеушінің айтуынша, дәл осы сүйектерді алып тастау балықтың өмір сүруін мүмкін емес етер еді.
01 қаңтар 2026 ж. 141 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031