Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанның жеті облысында жолдар қайта ашылды

Қазақстанның жеті облысында жолдар қайта ашылды

ҚазАвтоЖол бұл облыстардағы шектеулерді алып тастады
Қазақстанның жеті облысында жолдар қайта ашылды
Фотоколлаж: Azattyh ruhy
Жаңа жылдың алғашқы күні таңғы сағат 08:00-дегі жағдай бойынша еліміздің бірнеше өңірінде республикалық маңызы бар жолдарда қозғалыс қайта жанданды. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ауа райының оңала бастауына байланысты жеті облыста шектеулерді алып тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Қай бағыттарда жол ашық?

Төмендегі аймақтарда көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа рұқсат берілді:
Солтүстік және Орталық бағыттар:
Ақмола облысы: «Астана-Қарағанды-Алматы» тасжолы (Жібек жолы бекетінен Қарағанды облысының шекарасына дейін).
Қарағанды облысы: «Астана-Қарағанды-Алматы» жолы (Ақмола облысы шекарасынан Теміртау бекетіне дейін).
Павлодар облысы: «Атамекен–Ертіс–РФ шекарасы» (Атамекен кентінен шекараға дейін).
Батыс өңірлер:
Батыс Қазақстан облысы: Атырау облысы шекарасынан Орал қаласына дейін және Барбастау ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі учаскелер.
Ақтөбе облысы: БҚО шекарасынан Қобда ауылына дейін.
Атырау облысы: Индер кентінен БҚО шекарасына дейінгі жол.
Оңтүстік бағыт:
Жамбыл облысы: Қордай асуының жаңа айналма жолы (Кенен – Қайнар ауылдары арасы).

Шектеулер мен жабық учаскелер

Жолдардың көбі ашылғанымен, кейбір учаскелерде қауіпсіздік мақсатында әлі де шектеулер күшінде:
Шығыс Қазақстан облысы (ШҚО):
Осинов асуындағы күрделі таулы жағдайға байланысты «Өскемен-Алтай-Рахман қайнарлары» жолында (Солтүстік ауылы – Серебрянск қаласы) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне қозғалысқа тыйым салынды. Бұл шектеу қыс мезгілі аяқталғанша сақталады.
Жетісу облысы
Ауа райының бұзылуына байланысты «Үшарал – Достық» тасжолы (Көктұма бекеті – Достық станциясы) көліктің барлық түрі үшін жабық.
Павлодар облысындағы техникалық ақау
«Астана – Павлодар» жолындағы «Қалқаман» жол айрығы көпір конструкцияларының зақымдануына байланысты жабылды. Қалқаман ауылына кіру және Астана бағытына шығу уақытша мүмкін емес.

Жүргізушілерге кеңес

Мамандар сапарға шықпас бұрын көліктің техникалық күйін тексеріп, 1403 байланыс орталығы арқылы жолдың жай-күйін нақтылап алуды ұсынды. 



01 қаңтар 2026 ж. 144 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031