Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің бірқатар өңірінде 5 қаңтардан бастап қасқыр мен шибөрілерді аулауға рұқсат етіледі

Еліміздің бірқатар өңірінде 5 қаңтардан бастап қасқыр мен шибөрілерді аулауға рұқсат етіледі

Сурет: pixabay
ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 2026 жылға арналған Қазақстан Республикасының аумағында қасқыр мен шибөріні аулаудың рұқсат етілген көлемі айқындалған биологиялық негіздеменің әзірленгенін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жануарлар санын реттеуге рұқсат алу рәсімі Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №347 "Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы бұйрығымен регламенттелген.

"2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап сағат 10:00-ден бастап санын реттеуге жататын жануарларды (қасқыр, шибөрі) аулауға рұқсат алу мүмкіндігі қолжетімді болады. Биологиялық негіздемеге сәйкес жануарлар санын реттеу мерзімі 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін бекітілген", делінген комитет хабарламасында.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Ұлытау облыстарында рұқсат тек үй жануарларына шабуыл жасалғаны дәлелдер болған жағдайда ғана беріледі.
Бұған дейін Түркістан облысында өрістегі малға қасқыр шауып, қарашадан маза кеткені хабарланған.
31 желтоқсан 2025 ж. 208 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 173

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 76

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031