Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіби шеберлік – жетістіктің кілті

Кәсіби шеберлік – жетістіктің кілті

Жыл соңы таяп, жетістіктер сараланып, барлық саладағы тынымсыз тірліктің бағаланар сәті туды. Осы мақсатта облыс орталығындағы Жедел жәрдем стансасы да жылды түйіндеп, Асқар Тоқмағамбетов атындағы театрда ақ халатты абзал жандардың басын бір арнаға тоғыстырды.
Жиында бас дәрігер Бауыржан Төлегенұлы жыл бойы ұжымның жеткен жетістіктерін атап өтіп, әріптестерін келе жатқан жаңа жылмен құттықтады. Салтанатты шарада кәсіби шеберлігімен көзге түскен қызметкерлер мен сала майталмандары марапатталды.
Айталық, жедел жәрдемде 40 жылдан астам қажырлы еңбек еткен Гүлзада Қошқарбаева Қазақстан Республикасы Жедел медициналық жәрдем қауымдастығының «Шұғыл көмек ардагері» медаліне лайық деп танылды. Ал Дина Альжанова «Үздік қызметкер» төсбелгісіне ие болды. Дәл осы аталым бойынша облыстық медициналық жедел жәрдем станциясына қарасты Қазалы жедел жәрдем құрылымдық бөлімшесінің меңгерушісі Данияр Баекеев те төсбелгі тақты.
Жерлесіміз Данияр Берікұлының бұл жетістігі аудан медицинасы үшін үлкен мақтаныш. Даниярды осы жетістігімен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да кәсібилігін танытып, жаңа табыстарға жетуін тілейміз.
Бекзат АСАН
31 желтоқсан 2025 ж. 219 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031