Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаржы министрлігінде кейбір жеке кәсіпкерлер үшін салық төлеудің жаңа тәртібі түсіндірілді

Қаржы министрлігінде кейбір жеке кәсіпкерлер үшін салық төлеудің жаңа тәртібі түсіндірілді

Фото: freepik
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 2025 жылғы 29 желтоқсанда Мәжіліс кулуарында оңайлатылған режимнен жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне өткен жеке кәсіпкерлердің (ЖК) салық салыну ерекшеліктері туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ержан Біржановтың айтуынша, 2026 жылдан бастап мұндай әрбір кәсіпкерге тегін кеңес беретін бухгалтер бекітіледі. Ол бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша консультациялық көмек көрсетеді.

"Егер жеке кәсіпкер жалпыға бірдей белгіленген режимге өтсе, бұл кірістер мен шығыстардың есебін жүргізуді талап етеді. Яғни, кәсіпкер тауар сатса, оны қандай бағамен сатып алғанын көрсетуі тиіс. Басқаша айтқанда, бухгалтерлік есеп жүргізіп, шот-фактура алуы қажет. Салық та тек айырмашылықтан төленеді. Мысалы, тауарды 1 миллион теңгеге сатып алып, 1,5 миллион теңгеге сатса, жеке табыс салығын (ЖТС) 500 мың теңгеден, яғни тек айырмашылықтан 10 пайыз мөлшерінде төлейді. Бұл салық бүкіл айналымнан емес, тек таза табыстан алынады", – деп түсіндірді вице-министр.
29 желтоқсан 2025 ж. 178 0

Наградалар табысталды

10 сәуір 2026 ж. 111

Мал ұрлығына жол жоқ

10 сәуір 2026 ж. 158

Грант байқауы басталды

10 сәуір 2026 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930