Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мониторинг жұмыстары жүргізілді

Мониторинг жұмыстары жүргізілді

Бүгін баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына бақылау жүргізу мақсатында құрылған мониторингтік топ мүшелері Әйтеке би кентіндегі ірі сауда орындарын аралап, кәсіпкерлермен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мониторинг барысында сауда нысандарының иелеріне және жауапты тұлғаларына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын белгіленген шекті деңгейден асырмау, әрбір тауарға баға көрсеткіштерін анық әрі нақты түрде орналастыру, сондай-ақ өнімдердің жарамдылық мерзімін, сақтау талаптарын қатаң сақтау жөнінде толыққанды түсіндірме берілді.

Қазіргі уақытта халық күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне 19 түрлі өнім енгізілген. Аталған тізім 2026 жылдан бастап кеңейтіліп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының саны 31-ге дейін артатын болады.

Айта кету керек, аталған түсіндірме жұмыстарын жүргізуге аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалы, сондай-ақ аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің жауапты мамандары қатысып, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
26 желтоқсан 2025 ж. 73 0

Азаттықтың ақтаңгері

14 сәуір 2026 ж. 150

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930