Мереке күндері сағат нешеге дейін шулауға болады?
Жаңа жыл қарсаңында думан, отшашу мен көңілді кештер көбейетіні анық. Дегенмен мерекелік шаттық айыппұлмен аяқталмауы үшін тыныштық сақтау талаптарын және отшашу қолдану ережелерін естен шығармаған жөн, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Фото: ©Pixabay.com
Тұрғындар үшін тыныштық уақыты
Күн сайын: сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін.
Бұл тәртіп жұмыс күніне де, демалыс пен мереке күндеріне де ортақ.
Кафе, бар және ойын-сауық орындары үшін
Жұмыс күндері: 22:00-09:00
Демалыс және мереке күндері: 23:00-10:00
Осы уақыт аралығында қатты музыка қою, теледидардың дыбысын шамадан тыс көтеру, айқай-шусыз дауласу, сондай-ақ отшашу мен петарда ату заң бұзушылық болып саналады.
Әкімшілік заңнамаға сәйкес, жұмыс күндері сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері 23:00-ден 10:00-ге дейін азаматтардың тыныштығын бұзуға тыйым салынады. Полиция қызметкерлерінің сөзінше, бұл уақытта адамдардың, соның ішінде көршілердің де, қалыпты демалуына кедергі келтірмеу қажет.
Тәртіп сақшылары тұрғындардың шағымы негізінде тексеру жүргізіп, түсіндіру жұмысын атқарады. Ал заң бұзушылық анықталса, әкімшілік хаттама толтырылады.
Айта кетейік, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні сағат 00:00-ден бастап жаңа айлық есептік көрсеткіш (АЕК) күшіне енеді. 2026 жылдан бастап 1 АЕК – 4 325 теңге.
Ал елордалық полиция департаментінде түнгі тыныштық сақтау әр азаматтың міндеті екенін еске салды.
Жеке тұлғаларға – 5 АЕК (21 625 теңге)
Кәсіпкерлік субъектілеріне – 20-дан 100 АЕК-ке дейін
(86 500 – 432 500 теңге)
Қайталанған заң бұзушылық үшін айыппұл екі еселенеді.
Отшашу атқанда нені ескеру керек?
Ішкі істер министрлігінде мерекелік күндері отшашу ату қандай жағдайда айыппұлға әкелуі мүмкін екенін түсіндірді. Вице-министр Игорь Лепёханың айтуынша, лицензиясыз өндірістік фейерверктерді қолданған азаматтарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Ал басқа жағдайларда отшашу атуға рұқсат етіледі, бірақ қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы тиіс. Сондай-ақ вице-министр тұрғындардың шағымы түскен жағдайда полицияның міндетті түрде әрекет ететінін атап өтті.
Рұқсат етілмеген жерде пиротехника қолдану – 20 АЕК (86 500 теңге)
Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу – 5 АЕК (21 625 теңге)
Қайталанса – айыппұл мөлшері артады.
Жаңа жыл – еркіндікке емес, жауапкершілікке де сын.
Тыныштықты сақтап, көршілердің тынысына құрметпен қарап, отшашуды қауіпсіз әрі заңға сай қолдансақ, мереке де көңілді, қалта да аман болады.
Бұған дейін отшашудың жануарларға қалай әсер ететіні туралы жазғанбыз.
Фото: ©Pixabay.com
Тұрғындар үшін тыныштық уақытыКүн сайын: сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін.
Бұл тәртіп жұмыс күніне де, демалыс пен мереке күндеріне де ортақ.
Кафе, бар және ойын-сауық орындары үшін
Жұмыс күндері: 22:00-09:00
Демалыс және мереке күндері: 23:00-10:00
Осы уақыт аралығында қатты музыка қою, теледидардың дыбысын шамадан тыс көтеру, айқай-шусыз дауласу, сондай-ақ отшашу мен петарда ату заң бұзушылық болып саналады.
Әкімшілік заңнамаға сәйкес, жұмыс күндері сағат 22:00-ден 09:00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері 23:00-ден 10:00-ге дейін азаматтардың тыныштығын бұзуға тыйым салынады. Полиция қызметкерлерінің сөзінше, бұл уақытта адамдардың, соның ішінде көршілердің де, қалыпты демалуына кедергі келтірмеу қажет.
Тұрғын үйлерде немесе тұрғын аймақтарда орналасқан ойын-сауық орындарының тыныштық талаптарын бұзуы әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай заң бұзушылық үшін 20 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) бастап айыппұл салынады. Осыған байланысты құқық қорғау органдары тұрғындарды өзара түсіністікке шақырып, айналасындағылардың тыныштығына құрметпен қарауға үндейді, – дейді Ақтөбе облысы Полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Жандарбек Әлібаев.Тыныштықты бұзғандарға қандай жаза бар?
Тәртіп сақшылары тұрғындардың шағымы негізінде тексеру жүргізіп, түсіндіру жұмысын атқарады. Ал заң бұзушылық анықталса, әкімшілік хаттама толтырылады.
Айта кетейік, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні сағат 00:00-ден бастап жаңа айлық есептік көрсеткіш (АЕК) күшіне енеді. 2026 жылдан бастап 1 АЕК – 4 325 теңге.
Ал елордалық полиция департаментінде түнгі тыныштық сақтау әр азаматтың міндеті екенін еске салды.
Түнгі уақытта (23:00-ден 06:00-ге дейін) тыныштықты сақтау – баршаға ортақ талап. Әсіресе көпқабатты тұрғын үйлерде бұл қағидаларды қатаң ұстану маңызды, – делінген Астана қалалық Полиция департаментінің хабарламасында.Полиция өкілдері тыныштықтың бұзылуына куә болған азаматтарды 102 нөміріне дереу хабарлауға шақырды.
Барлық өтініштер міндетті түрде қаралады. Қоғамдық тәртіп әрқайсымызға байланысты. Өзара сыйластық пен азаматтық мәдениет – жайлы өмір сүру ортасының негізі, – деп атап өтті Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі.2026 жылғы 1 қаңтардан бастап айыппұл мөлшері:
Жеке тұлғаларға – 5 АЕК (21 625 теңге)
Кәсіпкерлік субъектілеріне – 20-дан 100 АЕК-ке дейін
(86 500 – 432 500 теңге)
Қайталанған заң бұзушылық үшін айыппұл екі еселенеді.
Отшашу атқанда нені ескеру керек?
Ішкі істер министрлігінде мерекелік күндері отшашу ату қандай жағдайда айыппұлға әкелуі мүмкін екенін түсіндірді. Вице-министр Игорь Лепёханың айтуынша, лицензиясыз өндірістік фейерверктерді қолданған азаматтарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Ал басқа жағдайларда отшашу атуға рұқсат етіледі, бірақ қауіпсіздік талаптары қатаң сақталуы тиіс. Сондай-ақ вице-министр тұрғындардың шағымы түскен жағдайда полицияның міндетті түрде әрекет ететінін атап өтті.
Ең бастысы, отшашуды қалай және қандай жағдайда қолданып жатқаныңызды қадағалау. Бұған кішкентай балаларды жолатпау керек. Жалпы алғанда, отшашу өзге азаматтарға қолайсыздық туғызбаса, оны қолдануға болады. Алайда, егер тұрғындар тарапынан «тыныштық бұзылып жатыр, ұйықтауға мүмкіндік жоқ» деген шағым түссе, біз мұндай жағдайларға міндетті түрде шара қолданамыз, – Игорь Лепёха.Пиротехникалық құралдарды қолдануға мына жағдайда қатаң тыйым салынады:
- балконнан немесе терезеден;
- тұрғын үйлердің, ағаштардың, электр желілерінің маңында;
- ең жақын нысаннан кемінде 50 метр қашықтық сақталмаса.