Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді банктер мен микрокредит ұйымдары қарызы бар қазақстандықтарды демалыс күндері мазалай бермейді

Енді банктер мен микрокредит ұйымдары қарызы бар қазақстандықтарды демалыс күндері мазалай бермейді

Фото: © istockphoto.com
Банктер мен микроқаржы ұйымдары берешегі бар азаматтарға жұмыс және демалыс күндері қанша рет телефон соға алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлеген қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, банктер мен микроқаржы ұйымдары борышкерлерге жұмыс күндері үш реттен артық, ал демалыс және мереке күндері екі реттен артық хабарласа алмайды.

«Телефон арқылы сөйлесу жұмыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейінгі кезеңде үш реттен, ал демалыс және мереке күндері сағат 9:00-ден 19:00-ге дейінгі аралықта екі реттен аспауы керек. Соның ішінде қаржы ұйымының бастамасымен интернет желісінде қоңырау шалу үшін қосымшаларды пайдаланып та хабарласа алады», - делінген қаулы жобасында.

Айта кетері, «Коллекторлық қызмет туралы» заңда борышкерлермен өзара іс-қимыл жасау кезінде коллекторлар үшін де шектеулер белгіленген. Қолданыстағы заң бойынша коллекторлар жұмыс күндері 8:00-ден 21:00-ге дейін үш реттен артық қоңырау шалмайды.

Қаулы жобасы 19 қыркүйекке дейін талқыланады.
06 қыркүйек 2024 ж. 238 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 112

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 169

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031