Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұғалімдер Жаңа жылға қанша сыйақы алады?

Мұғалімдер Жаңа жылға қанша сыйақы алады?

Барлығы тікелей қаржыға келіп тіреледі.
Фото: ЖИ көмегімен жасалған
Сыйақы жалпы мектептің жылдық бюджетінің ішінде үнемделген қаржы есебінен ғана төленеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  
Тілшілер "Мұғалімдерге сыйақы беру мәселесі ішкі тәртіпке қатысты ма, басшылықтың шешіміне қатысты ма? Әлде мемлекет қаржысын үнемдеумен байланысты ма?" деп сұрады.
"Қазір педагогикалық мамандық ауылдық жерлерде жоғары жалақы алатын мамандықтың бірі болып есептеледі. Мемлекеттік мейрамдар қарсаңында барлық қызметкерлерге төленетін сыйақы әлбетте әр білім беру ұйымының, яғни мектептің жылдық бюджетіндегі үнемделген қаржы есебінен беріледі. Бізге келген ақпараттар бойынша, әсіресе, басқару формасы өзгерген, шаруашылық жүргізу құқығына ие болған мектептерде бұл жағынан жақсы үрдістер бар. Яғни, әр мемлекеттік мейрам қарсаңында педагогтерге белгілі бір мөлшерде сыйақы төленіп отыр. Тағы да қайталап айтайын, сыйақы тек қана жалпы мектептің жылдық бюджетінің ішінде үнемделген қаржы есебінен төленеді", – деді Орта білім беру комитетінің төрағасы.
Қаныбек Жұмашев білім беру жүйесінде вертикальді басқару жүйесі орныққанын баса айтты. 
"Мысалы, әр аудандық білім бөлімінің қаржысы бөлек-бөлек жасақталады. 
8 мың мектеп болатын болса, 220 аудандық білім бөлімдері осы мектептердің жылдық қаржы есептерін қабылдап, жаңа жылдағы қаржы қорларын бекітіп отырады. Сондықтан бұл тікелей сол ауданның немесе сол қаланың қаржылық түсімдеріне байланысты болады. Сыйақы мәселесі қай ауданда қаржы табу көзі көп болса, мектептерге тең бөліп берілсе, сол мектептерде сыйақы алу ықтималдығы жоғары. Тікелей қаржыға байланысты", – деп нақтылады Қаныбек Жұмашев.
26 желтоқсан 2025 ж. 151 0

Қуанса, бала қуансын!

26 желтоқсан 2025 ж. 126

Бүгінгі доллар бағамы қандай

26 желтоқсан 2025 ж. 218

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031