Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Жыл сайын ондаған бала зардап шегеді“. Министрлік отшашуға қатысты ескерту жасады

“Жыл сайын ондаған бала зардап шегеді“. Министрлік отшашуға қатысты ескерту жасады

“Жыл сайын ондаған бала зардап шегеді“. Министрлік отшашуға қатысты ескерту жасады
Фото:
depositphotos.com
Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға арнайы үндеу жасап, балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беруді ұсынды, - деп хабарлайды
Massaget.kz.

Министрліктің мәліметінше, жыл сайын пиротехникадан ондаған бала зардап шегеді.
Бұл санның артында баланың ауыр жарақаты мен алдын алуға болатын өкінішті жағдайлар жатыр.
"Отшашу мен петарда – ойыншық емес! Олар – балаға қауіп төндіретін жарылғыш заттар. Қауіпсіздік ережелерін қаперде ұстаңыздар", – дейді Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.
18 жасқа толмағандарға пиротехника сатуға қатаң тыйым салынады.
"Егер балаға петарда сатып тұрғанын көрсеңіз — бей-жай қарамаңыз, бұл — заңға қайшы әрекет. Балаларға отшашуды өз бетінше жағуға мүлде болмайды. Тіпті "зиянсыз" көрінгеннің өзін де тек ересектер ғана жағуы тиіс. Пиротехниканы үй ішінде, балконда және тұрғын үйлердің маңында атуға немесе қолдануға болмайды. Балалардың амандығы – сіздің қырағылығыңызға байланысты", – деді Оқу-ағарту министрлігі өкілдері.

26 желтоқсан 2025 ж. 254 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31