Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқу-ағарту министрлігі маңызды үндеу жасады

Оқу-ағарту министрлігі маңызды үндеу жасады

Енді сауда орындарында бірден көзге түсетін жерге ескерту жазбасын қою міндеттеледі. 
Фото: freepik
Онда "Энергетикалық сусындарды 21 жасқа дейінгі тұлғаларға сатуға тыйым салынады" делінген жазба тұруы тиіс, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Негізінен 2025 жылдың қаңтар айынан бастап "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекске енгізілген түзетулер күшіне енген еді. Демек, бұдан былай энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмаған азаматтарға сатуға заңмен қатаң тыйым салынған.
– Бұл қадам өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығын қорғау, семіздік пен жұқпалы емес аурулардың алдын алу мақсатында қолға алынды, – деп айқындалған Оқу-ағарту министрлігінің ресми үндеуінде.
Ведомствоға бағынатын Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанованың сөзінше, күн сайын 14-16 жастағы жеткіншектер энергетикалық сусынның түр-түрін еш кедергісіз әрі ашықтан-ашық саудалауда. 
– Көбіне сатушылардың өзі заң талаптарын сақтамайды. Барлық сауда нүктесінің иелерін заңды қатаң орындауға шақырамыз! Энергетикалық сусындар дүкенде де, тіпті интернет арқылы да 21 жасқа дейінгі балаларға сатылмауы тиіс. Әр сауда уақытында сатып алушының жасын растайтын құжат тексерілуі керек, – деп жанашырлық танытты ол.
Министрлік барлық ата-ананы балаларымен ашық сөйлесіп, энергетикалық сусындардың зиянын айтуды сұрайды әрі спортқа баулуға шақырды. 
– Балалардың не сатып алып жүргеніне қызығушылық танытып, олардың денсаулығына бейжай қарамау – аса маңызды, – деп жазылған үндеуде.
03 шілде 2025 ж. 300 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 108

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 154

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031