«Заң мен Тәртіп» қағидасы аясында жастармен еркін кездесу өтті
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда политехникалық жоғары колледжінде «Заң және Жастар» тақырыбында еркін форматтағы кездесу ұйымдастырылды.Шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жасөспірімдер арасында теріс әрекеттерге жол бермеудің маңыздылығын түсіндіру болды.
Кездесу барысында Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Ахмет Темірхан Асқатұлы жастарға есірткі қылмысының зардаптары мен салдары туралы нақты мысалдар келтіріп, құқықбұзушылықтың алдын алуға шақырды.
Сонымен қатар, Жас отбасылармен жұмыс жасау және әлеуметтік мәселелер бөлімінің басшысы Сұлтан Нұрбол Балтабайұлы жастардың әлеуметтік мәселелері мен құқықтық жауапкершілігі, сонымен қатар отбасылық құндылықтар жөнінде кеңінен тоқталып өтті.
Студенттер тарапынан беленділік жоғары болды. Олар мамандарға көкейдегі сұрақтарын қойып, құқықтық бағыттағы нақты әрі пайдалы ақпараттарға қол жеткізді.
Мұндай шаралар жас буынның азаматтық жауапкершілігін арттырып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Кездесу соңында жастар өз ризашылықтарын білдіріп, осындай ақпараттық-түсіндірме жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.













