Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шырша шамы, жарқыра!

Шырша шамы, жарқыра!

Көпшілік асыға күтетін мерекенің бірі – жаңа жыл қарсаңында мерекенің шырайын келтіріп, келбетін айшықтай түсетін жасыл шыршаның орнатылуын жұртшылық асыға күтеді. Әйтеке би кентінің орталық алаңында орнатылған жаңа жылдық бас шыршаның шамы жағылды.

Мерекелік кеште жаңа жыл кейіпкерлері, Аяз ата мен Ақшақар ескі жылан жылымен қоштасып, жаңа жылқы жылын қарсы алды. Осындай ерекше қойылыммен басталған іс шарада аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аудан тұрғындарын жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
– Қазақта «Ескі жыл есірке, жаңа жыл жарылқа» деген тәмсіл бар. Жаңа жылға үлкен үмітпен қарап, берекелі іс пен баянды бақыт күтеріміз рас. Биылғы жыл ел үшін, киелі Сыр өңірі мен қасиетті Қазалы ауданы үшін бірлік пен берекенің, жаңа жетістіктер мен толайым табыстың кезеңі болды. Аудан экономикасының барлық саласында тұрақты өсім қалаптасты. Даму көрсеткіштері ілгеріледі. Ауданда айтулы істер, жарқын жобалар жүзеге асты. Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп. Табалдырығымыздан аттағалы тұрған Жылқы жылы өзінің толағай табысы тарту етсін! Әрбір шаңыраққа құт-береке әкелсін! – деді аудан басшысы.
Мерекелік кешті тамашалауға аудан тұрғындары мен қонақтары орталық алаңға көптеп жиналды. Ойыншықтар және түрлі-түсті шамдармен безендірілген шыршаны аудан жұрты тамашалап, балақайлар айнала би биледі. Одан соң меркелік кеш аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Салтанатты шараға келген кент тұрғындары мен қонақтар аудан өнерпаздарының өнерін тамашалап, мерекелік көңіл-күйде тарқасты.

Айнұр ӘЛИ

20 желтоқсан 2025 ж. 113 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 129

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 123

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 110

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 108

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 114

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031