Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мал ұрлығы – маңызды мәселе

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

Коллаж: Айнұр ӘЛИ
Төрт түлік – ауыл халқының негізгі күнкөріс көзі, ата кәсібіміздің ажырамас бөлігі. Сондықтан мал басының сақталуы, оның қауіпсіздігі мен заңсыз айналымының алдын алу – күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе. Соңғы жылдары мал ұрлығы қоғамды алаңдатқан өзекті проблемалардың біріне айналып отыр,
Осыған орай, аудан аумағында мал ұрлығының алдын алу, құқық бұзушылықтардың жолын кесу және тұрғындардың мүлкін қорғау мақсатында нақты іс-шаралар қолға алынды. Аудан әкімінің бекітілген кестесіне сәйкес «Қазалы ауданы бойынша мал ұрлығының алдын алуға арналған» арнайы іс-шара жоспары әзірленіп, кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Аталған жоспар аясында аудан аумағынан өтетін халықаралық маңызы бар KAZ-06 «Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент» автомобиль жолы бойында рейдтік тексеру жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл шаралар малды заңсыз тасымалдаудың алдын алып, құжатсыз мал айналымын анықтауға бағытталды.
Рейд жұмыстарына аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі, аудандық полиция бөлімі, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қазалы аудандық аумақтық инспекциясы, аудандық ветеринариялық станция мамандары бірлесіп қатысты. Бірлескен жұмыстар барысында автокөліктер тоқтатылып, төрт түлік малды тасымалдауға арналған құжаттардың заңдылығы мен талапқа сәйкестігі мұқият тексерілді.
Мамандардың айтуынша, қараусыз жүрген мал ұрлыққа жол ашатыны белгілі. Осыған байланысты аудан тұрғындарына малды бірдейлендіру, таңбалау, чиптеу, есепке алу жұмыстарын жүргізіп, падамен және кезекпен бағуды ұйымдастырудың маңыздылығы ескертілді. Бұл шаралар малдың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, ұрлықтың алдын алуда тиімді құрал болып табылады.
Алдағы уақытта да мал ұрлығының алдын алу бағытындағы мұндай бірлескен рейдтік шаралар тұрақты түрде жалғасатын болады.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
20 желтоқсан 2025 ж. 22 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 20

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 23

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 20

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 24

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 24

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031