Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмысшы жастар – ел ертеңі

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

«WorldSkills Kazakhstan – 2025» – жас мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдайтын маңызды ұлттық деңгейдегі чемпионат. Техникалық және кәсіптік білім беру саласын дамыту, еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды насихаттауға бағытталған дәстүрлі чемпионатта қатысушылар халықаралық WorldSkills стандарттарына сай тапсырмаларды орындайды.
Жас таланттарды қолдап, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, сондай-ақ болашақта еліміздің халықаралық жарыстардағы жетістіктеріне жол ашатын шараға республиканың барлық өңірінен 825 қатысушы мен 719 сарапшы қатысып, өндіріс, инженерия, ақпараттық технология, сервис, құрылыс, әлеуметтік қызмет және креативті индустрия сынды салаларды қамтитын 45 түрлі құзыреттілік бойынша өз шеберліктерін сынға салды. Астана қаласында өткен айтулы додаға Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі студенттері де қатысып, аймақ абыройын асқататты.
Кәсіби шеберліктің Х республикалық чемпионаты нәтижесінде «Локомотивті басқару» құзіреттілігі бойынша Рақымғали Байтілесов пен Еркетай Нұрсұлтанның шәкірттері Ерғұлан Нұрлан мен Аслан Лепес «Шеберлігі үшін» бағамын жеңіп алды.
«Кескіндеме және сәндік жұмыстары» құзіреттілігі бойынша Дана Меңдіибаева үшінші орынға қол жеткізді. Дайындаған шебер жетекшісі Жамал Дәрменқұлова.
«WorldSkills Kazakhstan – 2025» ұлттық чемпионатының қорытындысы бойынша ауданнан барған студенттер мен кәсіби мамандардан құралған команда бірінші құзырет бойынша үздік нәтиже көрсетіп, «Локомотивті басқару» медальонымен марапатталған.
«Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі өндіріске жұмысшы мамандар дайындауда бай тәжірибесі, сапалы кадрлық, базалық әлеуеті қалыптасқан іргелі кәсіптік білім беру ошағы. Бұл жетістіктер – колледжіміздің сапалы білім беру жүйесінің, білікті сарапшылардың еңбегінің және студенттеріміздің табандылығы мен талпынысының нәтижесі», – деді колледж басшылығы:
«Колледжден «WorldSkills Kazakhstan – 2025» ұлттық чемпионатына өз біліміміз бен кәсіби дағдыларымызды бәсекеде көрсетуге дайын болып барғанымызбен, жарыс басталғанда, қобалжығанымызды жасыра алмаймыз. Бұл сын біз үшін тәжірибе алмасу, өз мүмкіндіктерімізді бағамдау және болашақ мамандығымызға сеніммен қадам басу алаңы болды. Тағы бір байқағаным, жұмысшы мамандарға деген мемлекеттің оң көзқарасын сезініп, мақтанышпен марқайдық. Біз кәсіби шеберлік, жауапкершілікті және үздіксіз дамуды басты құндылық деп санаймыз. Өз ісімізге деген сүйіспеншілік пен табандылықтың арқасында еліміздің дамуына үлес қосатын білікті маман болуға ұмтыламыз», – дейді Ерғұлан Нұрлан.
Камила МАҚҰЛБЕК
20 желтоқсан 2025 ж. 21 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 18

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 20

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 19

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 22

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 23

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031