Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қарағандыда ауқымды форум басталды

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Қарағандыда ауқымды форум басталды

Фото: Қарағанды облысының Білім басқармасы
Қарағандыдағы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында жастар үшін маңызды екі іс-шара – "Жұмысшы кәсіптер жылы: шеберлікке бастар жол" аймақтық форумы және "WorldSkills Karaganda" чемпионатының ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі
.

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткен форумға 700-ден астам қонақ, 38 колледждің студенттері және 10 жетекші кәсіпорын өкілдері қатысты. Облыс – елдегі ірі өндіріс, құрылыс пен металлургия орталығы саналады. Қазіргі таңда өңірдегі 52 колледжде 32 мыңнан астам студент 126 мамандық бойынша білім алып жатыр.

Форум аясында колледждер мен кәсіпорындар арасындағы серіктестік, дуальды оқыту, жаңа білім беру бағдарламалары талқыланды. Қонақтар үшін арнайы белсенділік алаңдары мен естелік монета ұсынылды.

Ал WorldSkills Karaganda чемпионатына 38 колледжден 286 қатысушы 46 құзырет бойынша бақ сынауда. Сайыстар облыстың 6 колледжі мен 13 оқу орнында өтеді. Өңірлік команда бұған дейін ұлттық чемпионатта үздік үштікке енген.

Форум аясында өткен форсайт-сессияда жұмысшы мамандықтарының келешегі, кәсіптік білімнің еңбек нарығына бейімделуі және жастардың жетістігі сөз болды. Спикерлер қатарында Қытай, Германия, Жапония және басқа елдермен байланыс орнатқан кәсіпкерлер мен студенттер бар.

Жастар арасында кәсіптік білім берудің беделін көтеруге бағытталған чемпионат 23 мамырға дейін жалғасады.
19 мамыр 2025 ж. 267 0

Жасыл орман жайқалса...

12 шілде 2025 ж. 146

Еңбегі еселі ер

12 шілде 2025 ж. 146

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031