Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Жапония 14 құжатқа қол қойды

Қазақстан мен Жапония 14 құжатқа қол қойды

Қазақстан мен Жапония 14 құжатқа қол қойды. Бұл туралы newsroom.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлады.
Қазақстан мен Жапония 14 құжатқа қол қойдыФото: Ақорда
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапонияның премьер-министрі Санаэ Такаичи бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Сондай-ақ екі елдің ресми делегациялары құрамындағы өкілдер 14 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатты бекітті.
Айта кетейік, 18 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізді. Қазақстан Президенті бұл сапарды Қазақстан мен Жапония арасындағы қатынастардағы маңызды кезең деп атап, Жапонияны Азиядағы уақыт сынынан өткен, сенімді серіктес ретінде бағалайтынын жеткізді.
Өз кезегінде Жапония премьер-министрі Қазақстан Президентінің ресми сапары екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа жаңа серпін беретініне сенім білдірді.
Токио сапары аясында миллиардтаған келісімдер жасалмақ
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Токио қаласына ресми сапары барысында жасалуы жоспарланған коммерциялық келісімдердің жалпы құны 3,7 млрд доллардан асады. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram-арнасында хабарлаған.
Сондай-ақ сапар кезінде Мемлекет басшысының ірі жапон компанияларының өкілдерімен кездесуі жоспарланып отыр. Жалпы саны 40-тан астам құжатқа қол қойылмақ.
19 желтоқсан 2025 ж. 105 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031