Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан мен Қытай басшылары 24 құжатқа қол қойды

Қазақстан мен Қытай басшылары 24 құжатқа қол қойды

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин жүргізген келіссөз нәтижесінде 24 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Екі ел делегациясының мүшелері энергетика, аэроғарыш, цифрландыру, кеден, ауыл шаруашылығы, электронды сауда, туризм, зияткерлік меншік, медицина, медиа, ғылым, өңіраралық байланыс салаларындағы ынтымақтастықты қамтитын құжаттармен алмасты, - делінген Ақорда хабарламасында.
Олардың ішінде инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау, техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдер бар.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды. Қытай төрағасы Си Цзиньпинге құрмет көрсетіліп, балалар қонақты қазақ және қытай тілінде қарсы алды.
Мемлекет басшысы ҚХР төрағасымен келіссөз жүргізіп, жиын барысында Қытай халқы қазақ халқына ешқандай зиян келтірмегенін атап өтті.
Өз кезегінде Қытай төрағасы Си Цзиньпин көрсетілген сый-құрмет үшін ризашылығын білдірді.
16 маусым 2025 ж. 391 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 115

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031