Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеке деректердің тарап кетуі: қазақстандықтарға eGov арқылы хабарлама келеді

Жеке деректердің тарап кетуі: қазақстандықтарға eGov арқылы хабарлама келеді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қазақстандықтардың жеке деректерінің тарап кетуі туралы ақпаратқа қатысты тағы бір мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитеті құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, ұсынылған мәліметтердің шынайылығы мен өзектілігін анықтау мақсатында кешенді тексеру жүргізіп жатқаны айтылды.
"Алғашқы талдау бұл деректердің мемлекеттік емес, яғни жекеменшік ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Бүгінде мемлекеттік ақпараттық жүйелерден дербес деректердің таралуы немесе хакерлік шабуылдар нәтижесінде бұзылуы тіркелген жоқ", - делінген хабарламада.
Министрлік тексеру толық аяқталғанға дейін қандай да бір қорытынды жасау немесе ақпараттың шынайылығын растауға ерте екенін айтты.
"Егер азаматтың дербес деректері тараған мәліметтер арасында болса, ол туралы электрондық үкімет порталы (eGov) арқылы жеке кабинетіне хабарлама жолданады", - деп қосты министрлік.
16 маусымда 16 миллионнан аса жазба ашық тарап кеткені туралы ақпарат шықты. Бұл ақпаратты Кибершабуылды талдау және тергеу орталығының президенті Олжас Сәтиев растады.
Тұрғындардың мынадай жеке мәліметтері тарап кеткен: тегі, аты, әкесінің аты, жынысы, туған күні, ЖСН, мекен-жайы, тұрғылықты жері, телефон нөмірлері (ұялы, үй, жұмыс телефондары), азаматтығы, ұлты және тағы басқалары.
Кейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қазақстандықтардың жеке деректерінің тарап кетуі туралы ақпарат зерттеліп жатқанын айтып, мәлімдеме жасады.
"Қазіргі уақытта барлық салалық ведомство мен қызметтер жұмылдырылды. Ұсынылған деректердің өзектілігіне де жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Алғашқы талдау көрсеткендей, мәліметтердің көпшілігі ескірген", – деп хабарлады Цифрландыру министрлігі.

17 маусым 2025 ж. 341 0

Орманға қорған

20 қазан 2025 ж. 39

Жол уақытша жабылады

20 қазан 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031