Халық қалаулысы партия ұйым мүшелерімен пікір алмасты
Бүгін Қазалы аудандық мәслихатының депутаты, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ардақ Кәдір «Қазалы» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өткізді.Басқосу барысында ол ұйым мүшелеріне партия атынан ұсынылып, халықтың сенімімен сайланған өкіл ретінде жыл басынан бері жүзеге асқан бастамаларға тоқталды. Оның ішінде округ тұрғындарынан түскен ұсыныс-өтініштерді қарау, құрылыс нысандарын аралау, инфрақұрылым мәселелерін шешуге арналған жұмыстар және ауданның дамуына бағытталған бірқатар жобалар туралы айтып өтті.
Кездесу соңында депутат партия ұйымы мүшелерінің пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, алдағы уақытта да халықпен тығыз байланыста жұмыс істей беретінін жеткізді. Сонымен қатар, әрбір мәселенің шешімін табуға күш салатынын атап өтті.














