Партияластардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды
Бүгін «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының «Шипагер» бастауыш партия ұйымында партия мүшелерімен кездесу өтті.Жиынға аудандық мәслихаттағы фракция мүшесі, БПҰ төрағасы Күншығар Әбілов қатысты.
Өз кезегінде тұрғындар электр желілерін қайта жаңғырту және байланыс жүйесін күшейту, көшелерді жарықтандыру сынды ұсыныстарымен бөлісті.
Күншығар Әбілов аталған ұсыныстар бойынша тиісті жауаптар беріп, бақылауға алып жұмыс атқаратындығын жеткізді.
#AMANAT














