Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » COVID-19 және тұмау: Жамбылда қашықтан оқыту әлі жалғасып жатыр

COVID-19 және тұмау: Жамбылда қашықтан оқыту әлі жалғасып жатыр

Облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Оқушылар дәстүрлі форматқа оралып жатыр.Фото: pexels.com
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Жамбыл облысында тұмау жұқтырғандар саны — 132. Тексерілген пациенттердің арасында екі адамнан COVID-19 анықталды. Сондай-ақ тағы 12 адам басқа вирустық инфекциямен ауырған. 

Департамент басшысының орынбасары Нейли Мүлікова қазіргі уақытта мамандар келесі ауруларды тіркеп жатқанын айтты.

риновирустар — 4
парагрипп — 2
аденовирустар — 4
бокавирустар — 2.
Қазір аймақтағы Гродеково ауылында бір ғана мектептің оқушылары қашықтан білім алып жатыр. Инкубациялық кезең аяқталғаннан кейін аймақта 136 мектеп дәстүрлі форматта оқуын қайта бастады. Мамандар аурудың маусымдық өсу кезеңінде сақтық шараларын сақтау маңызды екенін еске салады. 

Олардың айтуынша, адам көп жиналатын жерлерден аулақ болып, қолды жиі жуып, үйді желдету және қажет болған жағдайда дәрігермен кеңесу қажет.

Осыған дейін Астанадағы мектептерде тұмауға байланысты таңғы фильтр енгізілгені туралы жаздық.

09 желтоқсан 2025 ж. 159 0

Қазақстанда күн күрт суытады

08 желтоқсан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031