Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Доллар көтеріліп, теңге әлсіреді: үкімет мәлімдеме жасады

Доллар көтеріліп, теңге әлсіреді: үкімет мәлімдеме жасады

Сурет: t.me/KZgovernment
Үкімет ұлттық валютаның әлсіреуіне қатысты мәлімдеме жасады. премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров үкімет үйінде өткен баспасөз мәлсихатында валюта нарығындағы ахуал мен оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бірнеше апта доллар шарықтап, теңге бағамы әлсіреді.
" Үкімет пен Ұлттық банк валюта нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін үйлестірілген шаралар қабылдап жатыр. Ұлттық валюта бағамының өзгеруі - тек сыртқы факторлардың ықпалынан туған құбылыс", - деді Байбазаров.
Вице-премьер теңге бағамына әсер ететін үш негізгі факторды атап өтті. Соның бірі соңғы айларда жаһандық доллар индексінің күшеюіне байланысты. Екіншіден, мұнайдың әлемдік бағасының біршама төмендеуі мен Ресей рублінің әлсіреуі.
"Ресей Қазақстанның ірі сауда серіктесі. Рубль бағамындағы ауытқулар теңге бағамына әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда Үкіметтің басты міндеті - азаматтарымыздың жағдайы нашарлауына жол бермеу, кәсіпкерлерге келетін теріс әсерді азайту. Экономика мен халық үшін теріс салдарды тұрақтандыру және барынша азайту үшін барлық қажет шара қабылданады. Үкіметтің бұл үшін жеткілікті ресурстары мен құралдары бар", - деді Байбазаров.
Айта кетсек, 28 қарашадан бастап ақша айырбастау орындарында доллар бағамы өсе түсті.
02 желтоқсан 2024 ж. 150 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930