Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күрежолдағы нысандар назарда

Күрежолдағы нысандар назарда

«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық транзиттік автодәлізінің 129 шақырымы Қазалы ауданынан өтеді. Бұл күре жолдың бойында «Бақыт», «Мирас», «Арзан 1», «Арзан 2» жол бойы қызмет көрсету кешендері мен «Sinooil», «TS Қызылорда мұнай өнімдері» жанар-жағармай бекеттері жұмыс істейді.
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес, тиісті сала өкілдерімен бірге автодәліздің аудан аумағындағы бөлігін аралап, жол бойындағы нысандардың жағдайы мен санитарлық тазалығын бақылады. Ол жолаушыларға қызмет көрсететін кешендер мен сервистік аймақтардың талапқа сай жұмыс істеуін, инфрақұрылымның дұрыс қызмет етуін қадағалауды тапсырды.
Сонымен қатар аудан басшысы халықаралық транзиттік жолдың аудан экономикасына ықпалы зор екенін атап, оның мүмкіндігін тиімді пайдалану арқылы жергілікті кәсіпкерлік пен сауданы дамытуға, сондай-ақ туризмді жандандыруға баса назар аударды.
Жол бойындағы қызмет көрсету кешендері мен жанар-жағармай бекеттерінің санитарлық тазалығы мен өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамағандарға қатысты тиісті сала басшыларына ескерту мен айыппұл салу туралы нақты тапсырмалар берді. Ауданның келбеті – тазалық пен тәртіпке тікелей байланысты екенін ескерткен әкім, әр нысан иесіне жауапкершілікпен қарауды және тазалықты қамтамасыз етуді міндеттеді.
Б. АСАН
02 желтоқсан 2025 ж. 111 0

Аудан ажары арта түспек

02 желтоқсан 2025 ж. 112

Тазалық таразысы

02 желтоқсан 2025 ж. 110

Ізгілікті ұялатқан жүрекке

02 желтоқсан 2025 ж. 114

Күрежолдағы нысандар назарда

02 желтоқсан 2025 ж. 112

Желтоқсан көшесі жөнделуде

02 желтоқсан 2025 ж. 110

Құрылыста қарқын бар

02 желтоқсан 2025 ж. 114

Елес торыған үй

02 желтоқсан 2025 ж. 112

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031