Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік желілердегі заңға қайшы 36 мың материал бұғатталды

Әлеуметтік желілердегі заңға қайшы 36 мың материал бұғатталды

Биыл әлеуметтік желілердегі заңға қайшы 36 484 материал бұғатталды. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына берілген Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ғаламторда қолжетімді ресурстар мен әлеуметтік желілерді тәулік бойы қадағалайды. Заңнаманы бұзу фактілері анықталған жағдайда интернет ресурстың әкімшілігіне ескертулер мен хабарламалар жолданады. Ескертулер түзетілмеген болса, интернет-ресурс сот шешімімен заңнамада белгіленген тәртіппен бұғатталады. Жарияланған материалдарда қылмыстық іс-әрекеттің белгілері анықталса, олардың авторлары мен таратушылары қылмыстың жауапкершілікке тартылады», делінген Е.Тоғжановтың жауабында.
Оның атап өтуінше, заңға қайшы контенттің таралуына жол бермеу мақсатында уәкілетті органдар ВКонтакте, Одноклассники, Mail.ru, Livejournal, Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінің әкімшілігімен тығыз ынтымақтастық орнатқан.
«2022 жылы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жүргізген мониторингтің нәтижесінде 36 484 заңға қайшы материал бұғатталды», деді вице-премьер.
Үкімет басшысы ұсынған дерекке сәйкес, аталған материалдардың 35 мыңнан астамы - терроризм, діни және этникалық экстремизм идеологиясын тарату, 332-сі – есірткі құралдарын насихаттау және таратуға, 3 531-і – порнографияны, қатыгездік пен суицидті насихаттауға, 32-сі – ар-намысқа тіл тигізу, билікті қорлауға, 111-ге жуығы - жалған ақпарат таратуға қатысты болды.
22 сәуір 2022 ж. 451 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031