Қазгидромет ауа райына байланысты маңызды ескерту жасады
Фото istockphotoБүгін, 22 қарашада Астана қаласында және Қазақстанның 14 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту күшіне енеді, деп хабарлайды turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Елдің көптеген өңірлерінде тұман, көктайғақ, қарлы боран, сондай-ақ желдің 15-20 м/с дейін күшейеді.
Негізгі болжамдар:
Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстары – түнде және таңертең тұман.
Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ұлытау, Қарағанды облыстары – көктайғақ, боран, тұман, екпінді жел.
Шығыс Қазақстан және Абай облыстары – жаңбыр мен қар, қалың жауын-шашын, боран, көктайғақ, желдің күшеюі.
Жамбыл, Жетісу облыстары – таулы аумақтарда тұман, жел 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.
Батыс Қазақстан, Ақмола облыстары – тұман, көктайғақ.
Астана қаласы – көктайғақ, түнде және таңертең тұман.
Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды жолда сақ болуға, ауа райы нашарлаған жағдайда ұзақ сапарды кейінге қалдыруға шақырады.









