Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Заң және тәртіп» қағидаты аясында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия отырысы өтті

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия отырысы өтті

Аудан аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың құқықтық мәдениетін арттыру және қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.
Отырыста ювеналды профилактика бағытындағы өзекті мәселелермен қатар, білім беру ұйымдарындағы мектеп формасын сақтау мәселесі де кеңінен талқыланды. Комиссия мүшелері тарапынан мектеп формасына қойылатын бірыңғай талаптарды орындау — оқушылардың тәртібін нығайтудың, оқу процесіндегі тәртіп пен ұйымшылдықты қамтамасыз етудің маңызды элементі екендігі атап өтілді. Мектеп формасын сақтамау фактілері бойынша білім бөлімдері мен мектеп әкімшілігіне ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Сонымен қатар құқық бұзушылыққа бейім жасөспірімдермен жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстардың жай-күйі талданып, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, мектеп инспекторлары мен уәкілетті органдардың өзара әрекеттестігін күшейту мәселелері жан-жақты қарастырылды.
Отырыс қорытындысымен барлық мүдделі органдарға құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту, мектеп формасына қатысты талаптардың орындалуына тұрақты мониторинг жүргізу және профилактикалық жұмыстың сапасын арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Қазалы аудандық прокуратурасы
20 қараша 2025 ж. 109 0

Қытайда жер сілкінді

20 қараша 2025 ж. 89

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930