WhatsApp-та алаяқтардан қорғайтын жаңа функция пайда болды
WhatsApp-та алаяқтардан қорғайтын жаңа функция пайда болды
WhatsApp қолданушылар үшін қауіпсіздік пен қолайлылықты арттыратын бірқатар жаңа функция қосты, - деп жазады Tengri Life.
Алаяқтардан қорғайтын жаңа функция
WhatsApp енді экранды байланыс тізімінде жоқ адамға көрсеткіңіз келсе, арнайы ескерту терезесін шығарады. Қажет болса, пайдаланушы бір түйме арқылы бұл әрекетті дереу тоқтата алады.
Бұл мүмкіндік алаяқтардың "құрылғыны баптап береміз" деген желеумен экрандағы жеке ақпаратқа, банк қосымшаларына немесе құпия деректерге қолжеткізуінің алдын алуға бағытталған.
Android үшін WhatsApp-тың соңғы бета-нұсқасында (2.25.34.5) жадты тазалаудың кеңейтілген параметрлері енгізілді. Енді қолданушылар:
барлық хабарламаны,
тек медиафайлдарды,
немесе олардың нақты түрлерін - видео, фото, құжат, аудио, стикерлерді бөлек өшіре алады.
Жою алдында растау терезесі шығып, жұлдызшамен белгіленген маңызды хабарламаларды сақтап қалу мүмкіндігі ұсынылады. Бұл маңызды деректерді байқамай өшіріп алмауға көмектеседі.
Компания бұл жаңарту чаттарды тазалауды бұрынғыдан да ыңғайлы әрі түсінікті еткенін атап өтті. Қазір функция шектеулі, ал бірнеше апта ішінде Android қолданушыларының басым бөлігіне беріледі.
Қателер туралы тез хабарлау жүйесі
WhatsApp beta 2.25.34.6 нұсқасында жаңа Shake-to-Report функциясы тексеріліп жатыр. Смартфонды сәл шайқау арқылы қолданушы қате туралы хабарлау формасын аша алады.
Құрылғыны шайқағаннан кейін қолданба:
әрекетті растауды сұрайды,
автоматты түрде скриншот дайындайды (құпия бөлімдерде скриншот жасалмайды).
Функция қажет болмаса, баптаулардан өшіруге болады. Әзірлеушілердің айтуынша, бұл жаңарту мәселелерді жылдам анықтауға және WhatsApp-тың тұрақтылығын арттыруға көмектеседі.











