Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » WhatsApp-та көптен күткен мүмкіндік пайда болды

WhatsApp-та көптен күткен мүмкіндік пайда болды

Әзірше мессенджердің жаңа функциясын Android-тың бета-режимдегі пайдаланушылары ғана қолдана алады

Андроидтағы WhatsApp-та бір есептік жазбаны бір уақытта бірнеше құрылғыда қолдануға мүмкіндік беретін жаңа функция пайда болды. Әзірше бұл функция қосымшаның 2.21.14.1 нөміріндегі бета-нұсқасында ғана жұмыс істеп тұр.

Пайдаланушы құрылғыны WhatsApp аккаунтымен жалғағаннан кейін WhatsApp Web және WhatsApp Desktop бір уақытта жұмыс істеуі үшін басты гаждеттердің бірі желіде қалуы міндетті емес. Яғни, басты ұялы телефонның өшіп қалуы басқа құрылғыдағы WhatsApp жұмысына кері әсер етпейді.

Атап өту керек, бір аккаунтқа тіркелген мұндай бес гаджетті пайдалануға болады, деп хабарлады РИА Новости.

Мультиқұрылғының функциясын қолдану арқылы қосымшаны пайдаланушының хабарлама алмасуы шифрленген күйде қала береді
Бұл опцияны 2.21.14.1 нөмірі арқылы тек бета-режимде ғана қолдануға болады. Кейіннен аталған функция WhatsApp-ты пайдаланушылардың барлығы үшін қолжетімді болмақ.
30 маусым 2021 ж. 592 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930