Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ата-аналар үшін жұмыс күнін бір сағатқа қысқарту ұсынылды

Қазақстанда ата-аналар үшін жұмыс күнін бір сағатқа қысқарту ұсынылды

Қазақстанда ата-аналар үшін жұмыс күнін бір сағатқа қысқарту ұсынылды
Фото: depositphotos.com
Мәжілісте кішкентай балалары бар ата-аналар үшін жұмыс күнін бір сағатқа қысқартуды ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл бастаманы Мәжілістің пленарлық отырысында Еңбек кодексіне түзетулер талқыланған кезде депутат Қарақат Әбден көтерді.
"Кішкентай балалары бар жұмыс істеп жүрген ата-аналар тіптен балабақшадан балаларын алып кетуге мүмкіндіктері болмай қалады", – деді ол.
Депутат уәкілетті органдар мен әріптестерін заңды екінші оқылымда қарау кезінде осы ұсынысты ескеруді сұрады.
Әлемдік тәжірибе
Депутаттың айтуынша, көптеген дамыған елдерде кішкентай балалары бар ата-аналар үшін қысқартылған жұмыс күні немесе жұмыс аптасы бұрыннан бар, және бұл тәжірибе тиімді әрі ғылыми тұрғыдан дәлелденген.
"Бұл қандай да бір бонус немесе артықшылық ретінде емес, отбасын нығайтуға бағытталған мемлекеттік стратегияның бір бөлігі ретінде қарастырылады. Қосымша бюджет шығындары туралы сөз болып тұрған жоқ", – деді Әбден.

19 қараша 2025 ж. 32 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930