Қазақстанда жаңа кәсіби мереке енгізу ұсынылды
Қазақстанда жаңа кәсіби мереке - ветеринарлық қызметкерлер күнін енгізу ұсынылды. Бастаманы депутат Екатерина Смышляева үкімет сағатында көтерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Ветеринарлық қызметкердің кәсіби мерекесінің жоқтығы мал дәрігеріне деген мемлекеттің, біз бен сіздің қарым-қатынасымызды көрсетеді. Есепшілер мен қаржыгерлерде 2-3 мерекеден бар, ал мал дәрігерінің күні жоқ. Біз сонда бұйрықтағы 15 әріпті аяймыз ба?
Онда ешқандай шығын немесе демалыс күні жоқ. Бұл тек елдегі азық-түлік пен жануарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететіндерге құрметті көрсетеді", – деді парламент депутаты ауыл шаруашылығы министріне. Министр Ербол Қарашүкеев депутаттың ұсынысын қолдады.
"Қолдаймын, мал дәрігері күнін біз енгізуге тырысып жатырмыз. Сондай-ақ қызметкерлерімізді материалдық емес тұрғыдан мадақтау үшін еңбек сіңірген мал дәрігері мен жаңа ведомстволық наградалар енгізсек деген ойымыз бар", – деді министр.
Бұған дейін Ербол Қарашүкеев қазақстандық жастардың бұл салаға барғысы келмейтінін айтқан еді. Қазіргі уақытта еңбек нарығында жасы 40-тан асқан қызметкерлер жұмыс істеуде, ал жаңа мамандар жоқтың қасы.