Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жұмысқа тұру ережелері өзгереді

Қазақстанда жұмысқа тұру ережелері өзгереді

Фото: ©Pixabay.com
Қазақстанда жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбекшарттарын реттейтін ережелер өзгермек. Тиісті заң жобасы бүгін Мәжілісте бірінші оқылымда қаралып жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, бүгінде көптеген жұмыс беруші шығынды азайту және әлеуметтік міндеттемелерден қашу үшін еңбек шартын жасамай, оның орнына азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК/ГПХ) ұсынады. Мұндай жағдайда қызметкер іс жүзінде жұмыс тәртібіне бағынады, кесте бойынша жұмыс істейді, басшысы бар, бірақ құжат жүзінде «қызметкер» емес, «мердігер» болып көрінеді.
Бұл несімен қауіпті? АҚК негізінде жұмыс істейтін адам әлеуметтік кепілдіктерден айырылған: ақылы еңбек демалысы жоқ, әйелдерге жүктілік және босануға байланысты төлем берілмейді, зейнетақы жарналары аударылмайды, медициналық сақтандыру да болмайды. Біз осыған нақты шектеу енгізіп отырмыз. Егер еңбек қатынасында еңбек шартының кем дегенде бір белгісі болса, АҚК жасауға тыйым салынады. Соның нәтижесінде ондаған мың азамат толыққанды әлеуметтік қорғауға қол жеткізеді, – деді Аймағамбетов Мәжіліс отырысында.
Депутат Арман Қалықов та заң жобасын қолдап, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі өкіліне нақтылаушы сұрақ қойды.
Бұл норма көлеңкелі жұмыспен қамтуды азайтып, қызметкерлердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді. Бірақ азаматтық-құқықтық келісімшарт қандай жағдайда еңбек шарты ретінде танылуы мүмкін? Еңбек шарты қандай негізгі белгілерге ие болуы тиіс? – деп сұрады ол.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев Еңбек кодексінің 27-бабына сүйене отырып, еңбек шарты мен басқа келісімдер арасындағы айырмашылықтарды түсіндірді. Оның айтуынша, еңбек шартының үш негізгі белгісі бар:
  • Қызметкер белгілі бір біліктілік немесе мамандық бойынша жұмыс функциясын орындайды;
  • Жұмысты жеке өзі орындап, тікелей басшылыққа бағынады;
  • Жалақы алады.
Енді бұл талаптарды қалай қолданамыз? Біріншіден, жұмыс беруші барлық АҚК келісімдерін тексеріп, егер олар еңбек шартының белгілеріне сәйкес келсе, тек еңбек шартын жасасуы тиіс. Екіншіден, еңбек инспекциясы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, – деді Ертаев.
Оның айтуынша, Қазақстанда еңбек шарттарының бірыңғай электрондық дерекқоры бар, оған жұмыс берушілер АҚК келісімдерін де жүктей алады.
Қазір жүйеде шамамен 300 АҚК келісімі бар. Біз оларды мониторингтен өткізіп отырмыз. Егер еңбек инспекторы келісімде еңбек шартының белгілері бар екенін анықтаса, міндетті түрде жұмыс берушіге оны еңбек шартына ауыстыру туралы нұсқама беріледі, – деп қосты вице-министр.
19 қараша 2025 ж. 34 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930