Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент тағы бір заңға қол қойды

Президент тағы бір заңға қол қойды

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жасанды интеллект және цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Заңға енгізілген түзетулердің бірінші блогы заңнамалық актілерді "Жасанды интеллект туралы" Заңмен сәйкестендіруге бағытталған.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын.
Түзетулердің екінші блогы заңнаманы өзге мәселелер бойынша жетілдіруді көздейді.
Заң қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің Қазақстан Республикасының аумағындағы айналымын реттейді. Бұған дейін қамтамасыз етілмеген цифрлік активтердің айналымы тек "Астана" Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) аумағында ғана рұқсат етілген еді.

Азаматтардың жеке деректерін қорғау амалдарын күшейту мақсатында жеке деректерді өңдеуге келісім беру мерзіміне қатысты талап енгізілді. Енді бұл мерзім жеке деректерді жинау және өңдеу мақсатына жету үшін қажетті мерзімнен аспауға тиіс. Субъект немесе оның заңды өкілі иесін, операторды, үшінші тарапты ескертіп, жеке деректерді жинауға,
өңдеуге берген келісімін қайтарып алуға құқылы.

Ішкі бөлшек сауда субъектілері үшін идентификациялық құралдарды оқитын бақылау-касса машиналарын пайдалану арқылы операцияларды есепке алу жөнінде талап қоя отырып, тауарларды таңбалау механизмі жетілдірілді.

Бірқатар түзетулер нәтижесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету талаптары күшейтілді.
17 қараша 2025 ж. 118 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930