Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев жаңа заңдарға қол қойды

Тоқаев жаңа заңдарға қол қойды

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлік және экспорттық-кредиттік агенттіктің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды
BAQ.KZ.
Заң Жер, Кәсіпкерлік, Азаматтық процестік, Әлеуметтік және Су кодекстеріне, сондай-ақ 23 заңға түзетулер енгізді.
Түзетулердің бірінші блогы көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Заң көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жай серіктестік нысанын жойып, басқарудың екі түрін ғана сақтады: МИБ (меншік иелері бірлестігі) және ТББ (тікелей бірлесіп басқару).
Түзетулердің екінші блогы салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге байланысты.
Заң, сонымен қатар, декларациялау мәселелерінде құқықтық айқындықты арттыруға және Салық кодексінің ережелеріне сілтеме нормаларды өзектендіруге бағытталған басқа да түзетулерді қамтыды.
Сондай-ақ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және оны қолданысқа енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұдан бөлек Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
15 шілде 2025 ж. 299 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 33

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031