Құрылтай
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстанда енді ойын-сауық мекемелері 22:00-де жабылып, 22:10-да жарығы өшеді

Қырғызстанда енді ойын-сауық мекемелері 22:00-де жабылып, 22:10-да жарығы өшеді

coverФото: pixabay.com
Қырғызстанда енді мейрамханалар, түнгі клубтар және өзге де ойын-сауық мекемелері түнгі 22:00-ден кейін жұмыс істей алмайды, деп хабарлайды Orda.kz.
Сағат 22:10-да бұл орындарда электр қуаты толық ажыратылуы керек. Мұндай талапты ҰҚК төрағасы әрі Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Камчыбек Ташиев жариялады.
Ол түнгі тыныштықты сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөліп, бұл тәртіп бүкіл ел бойынша міндетті болатынын айтты.
«Тойлар да, мейрамханалар мен клубтардың жұмысы да 22:00-де аяқталуға тиіс. Адамдар түнде тынығып, таңғы 7-ге дейін тыныштық сақталуы шарт», — деді ол
Ош қаласының әкімі Жеңісбек Тоқторбаев бұл ережені орындамаған мекемелерді бір ай бойы электр қуатынсыз қалдыруды тапсырды.
Шенеунік жергілікті әкімдіктерге 22:10-да ойын-сауық орындарының жарығын өшіруді тапсырды. Қызметкерлердің «клиенттер кеткен соң ыдыс жуып үлгеру керек» деген уәжі Ташиевтің айтуынша, себеп ретінде қабылданбайды.


14 қараша 2025 ж. 316 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031