Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ауыл аманаты" Бірлік ауылында жас кәсіпкер фасад плитасын өндіруде

"Ауыл аманаты" Бірлік ауылында жас кәсіпкер фасад плитасын өндіруде

Қазалы ауданына қарасты Бірлік ауылының тұрғыны Жәнібек Тоқмырза 2024 жылы «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 2,5% жеңілдетілген мөлшерлемемен 4 млн теңге несие алып, өз кәсібін бастады. Бұл қаржыға арнайы құрал-жабдық сатып алып, бүгінде ғимараттардың сыртын қаптауға арналған сапалы фасад плиталарын шығарып отыр.
Қазірдің өзінде бір ауылдасына тұрақты жұмыс беріп отырған кәсіпкердің өніміне жергілікті тұрғындармен қатар көршілес ауылдардан, тіпті қала мен кенттен де сұраныс бар. Жәнібек өнім сапасына ерекше мән беріп, арнайы кварц құмын алдыртып, плитаның беріктігі мен ұзақ мерзімге шыдамдылығына ерекше мән беруде.

««Ауыл аманаты» жобасы мен үшін үлкен мүмкіндік болды. Осындай қолдаудың арқасында кәсібімді бастап, ауылдасқа жұмыс беріп, сапалы өнім ұсынуға жағдай жасалды. Алған қаражатымды тиімді пайдаланып, істі өркендетуді көздеп отырмын. Ендігі ойым өндірісті кеңейтіп, тас төсеуіш (брусчатка) шығаруды қолға алу», – дейді Жәнібек Тоқмырза.

Айта кетейік, Қазалы ауданында өткен жылы жоба аясында 399,2 млн теңгеге 63 жоба қолдау тапқан. Ал биыл бұл көрсеткіш 2 есеге артып, 835,1 млн теңгеге 124 жоба қаржыландырылады деп жоспарлануда.
#AMANAT
22 тамыз 2025 ж. 281 0

Әр түйірінде шипа бар

17 қаңтар 2026 ж. 32

Тағылымға толы жүздесу

17 қаңтар 2026 ж. 36

Тәртіп – тәрбие бастауы

17 қаңтар 2026 ж. 31

Бюджет түсімі артты

17 қаңтар 2026 ж. 36

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031